«Не үшін мен орыс тілінсіз Қазақстанда өмір сүре алмаймын?»: америкалық қыз тілге қатысты әділетсіздік туралы (видео)

24.03.2024, 21:45
1084
«Не үшін мен орыс тілінсіз Қазақстанда өмір сүре алмаймын?»: америкалық қыз тілге қатысты әділетсіздік туралы (видео) жеке парақшасынан

Үш жылдан бері қазақ тілін үйреніп жүрген америкалық қыз Рокки орыс тілінде қызмет көрсететін мейрамханаларға ренішін білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Рокки атымен танымал америкалық қыз бірнеше жылдардан бері Қазақстанда тұрады. Ол қазақ тілін үйреніп, әрі өзінің желідегі блогтарын қазақша жүргізуге тырысады.

Бұған дейін бірнеше рет Рокки қазақ тіліне қатысты мәселелерді көтеріп жүрді. Мәселен онымен қазақтардың қазақша сөйлемейтіні, қызмет көрсетушілер онымен орысша сөйлесуге тырысатынын, өзінің орыс тілін білмегендіктен қиналып жүргені туралы TIkTok парақшасында айтып жүретін. Бұл жолы Рокки қазақ тілінде қызмет көрсетпеген мейрамханаларды сынға алды.

«Осы аптада мен Алматыда болдым. Көп мейрамхана мен кафелерге бардым. Және мен әр жерде, әр мейрамханада тек қана қазақ тілінде сөйлеймін. Мен барған 18 мейрамханадан тек 5-еуі менімен қазақ тілінде сөйлесті. Мен оларға қазақша сөйлесем де, олар менімен орысша сөйлесті. Және менің сөздерімді түсінбеді де», - деп, Рокки Алматыда барған мейрамханалардың жалпы тізімін көрсетті. 

Мейрамханалардың арасында қазақтың ұлттық, төл тағамдарын ұсынатын орындарды да көруге болады.

«Мен үш жыл бойы қазақ тілін үйренгенмін. Және маған Қазақстан деген елде қазақ деген тілінде сөйлеуге болмай ма?! Мен қазақ тілін үйренгенде еңбекқор болдым. Бірақ не үшін? Мен Алматыда болғанда ешкім менімен қазақ тілінде сөйлеспеді. Астанада ондай болған емес. Мен мейрамханаға барғанда, даяшы маған орысша сөйлей бастайды. Менің түрім орысқа ұқсас болғасын шығар. Бірақ мен қазақ тілінде сөйлеп бастасам, олар қазақ тіліне ауысатын. Ал Алматыда олай емес.

Мен таңғалдым. Осы мейрамханалар өте танымал. Бірақ неге қазақша сөйлейтін адамға мүмкіндік бермейді? Мұнда (қазақша қызмет көрсетпеген мейрамханалар тізімінде - ред.) «Ауыл» деген ұлттық мейрамхана да тұр», - деп еріксіз күлді ол.

Рокки еліміздегі мұндай әділетсіз жағдайға қатты қынжылды. Тіпті орыс тілді мейрамхананың бірінен шыққан соң жылап алғанын айтты.

«Өкінішке қарай неге осындай жағдай бар Қазақстанда? Не үшін мен қазақ тілін үйрендім?! Не үшін мен орыс тілінсіз Қазақстанда өмір сүре алмаймын? Әділетсіз! Мен мейрамханадан шыққан соң жылап алдым!», - деді қазақ тіліне жаны ашыған америкалық қыз.

Желі қолданушылары Роккидің үндеуіне ойланып, оған қолдау білдірді. «Қазақ десең өзіңе тиеді» деп, америкалық қыздың алдында орыс тілінде қызмет көрсететін мейрамханалар үшін ұялғандар да болды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды