473

26 наурызға ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

26 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
elements.envanto

Қазақстанның басым аумағынан атмосфера фронтальды бөлімдердің өтуінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталып, жауын-шашын (көбіне жаңбыр түрінде) күтіледі, батысымызда жаңбыр қатты болады деп күтіледі, еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Елімізде тұман және желдің 15-25 м/с дейін  күшеюі күтіледі, оңтүстікте – дауылды жел, найзағай, солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады.