1223

17 жыл құлдықта ұстаған туған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс әлі де сотқа жолданбады

Журналист Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлі қыздарға қатысты мәселе Мәжіліске жеткенін мәлімдеді.

17 жыл құлдықта ұстаған туған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс әлі де сотқа жолданбады
Бейнежазбадан

Бұл туралы ол өзінің парақшасында жазды. 

Журналисттің айтуынша, апалы-сіңліні 17 жыл құлдықта ұстаған туған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс әлі де сотқа жолданбаған.

"8 айдан кейін Құндыз бен Назгүлдің тағдыры Мәжіліске жетті! Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев апалы-сіңлінің тағдырын "Көреміз" бағдарламасы арқылы көріп, жаға ұстаған жандардын бірі болса керек. Ал біз қыздардың тағдырына араша болғанымызға 8 айдан асты. Бірақ сол уақыттан бері 17 жыл құлдықта ұстаған туған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс әлі де сотқа жолданбады. Журналистерге қарағанда депутаттардың аузы дуалы ғой, бәлкім Түркістан облысының Полиция департаменті, прокуратура енді қозғалар! Құндыз бен Назгүлдің ағасы мен жеңгесінің заң алдында толықтай жауап беруін талап етемін!