Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылған жоқ

27.03.2024, 12:30
777
Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылған жоқ коллаж

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жоғалып кеткен 3 жастағы қыз әлі ізделіп жатыр.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Kazinform тілшісінің сауалына берген жауабында айтты. 

«Қыз әлі табылмады. Оны іздестіру шаралары әлі жалғасып жатыр», - деп жауап берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов аталған дерек бойынша арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен іздестіру тобы құрылғанын, арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Іздеу жұмыстарына барлығы 245 адам жұмылдырылды. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді