Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін аяусыз ұрған

28.03.2024, 10:36
545
Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін аяусыз ұрған astanatv.kz

Аталған іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап. Сұмдық оқиғадан жүкті әйел есін жоғалтып алған.

Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Қатты соққыдан басы жарылып, миы шайқалған. Өзін кімнің ұрып соққанын да есіне түсіре алмады. Аяғының ауыр болғанын ғана біледі.

“Иә, мен жүкті екенімді білдім. Ол менің есімде. Менің ішімде қыз болды”, – дейді жәбірленуші Гүлмерей Қарсыбаева. 

Дәрігерлер науқастың ауруханаға ауыр жағдайда келгенін айтады. Бір уақытта екі бірдей ота жасаған. Ал іштегі 9 айлық баланы кесір тілігі арқылы алған. Бірақ нәресте өлі туылды.

“Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді”, – деді Павлодар қалалық №1 аурухананың дәрігері Дәурен Сафиулла. 

Ал жеңгесін соққыға жыққан жас жігітке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Оның қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғаны анықталды.

“Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Аса ауыр қылмыс жасаудағы күдікті қамауға алынды. Жігіт есірткіге мас күйінде үлкен ағасының жұбайына дене жарақатын салған. Жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды”, – деді қалалық полиция басқармасының оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Салатов. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады