1210

Cу тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

Бүгінде 183 мың адамға 100 мың теңгеден аударылған.

Cу тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады
tobolinfo.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өтемақы қаржысы Қостанай облысында су тасқынынан жапа шеккен отбасының әрбір мүшесіне беріледі. Демек бір отбасына орта есеппен 600 мың теңге аударылады. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Облыс әкімдігі су тасқынынан зардап шеккендерге 18 млн теңгеден аса қажат аударды.

Бұл төлемдер тұрғын үй жалдау, азық-түлік, киім-кешек сатып алуға бөлінеді.

Бұдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ қираған үй мен мал басын қалпына келтіруге де ақша қарастырылған.

Үйге су жарты сағат кірсе де, бұл отбасылар су тасқынынан зардап шеккен болып саналады. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмайды, - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор