Шымкентте көшеге қоқысты өздері тастап, фото үшін жинап жүрген жұмысшылар ұятқа қалды

31.03.2024, 16:28
857
Шымкентте көшеге қоқысты өздері тастап, фото үшін жинап жүрген жұмысшылар ұятқа қалды бейнежазбадан алынған кадр

Көзбояушылар жұмыстан қуылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте қала көшелерін тазалап жүрген коммуналды мекеме қызметкерлері желіде қызу талқыға түсті. Тазалықшылар көшеге қоқысты өздері тастап, кейін фотоға түсу үшін жинап жүрген кейіп танытады. Олардың бұл әрекетін куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

Бейнежазба ТікТок желісінде пайда болды. Онда тазалықшылардың бірі бір қоқысты көшеге бірнеше рет тастап, кейін оны жинап жүреді. Екінші қызметкер де тура сондай әрекет жасайды. Желі қолданушылары көзбояушылық танытқан коммуналдық мекеме қызметкерлерін сынның астына алып, олар жазасыз қалмау керектігін алға тартты.

Аталған видео Шымкентке қарасты Тұран ауданында түсірілген. Неге екені белгісіз, аудан әкімдігіндегілер бұл жайтқа қатысты пікірді қалалық ішкі саясат басқармасынан алу керектігін айтып, өздері пікір білдіруге құлық танытпады. Алайда кейіннен өз міндеттері еске түссе керек, мән-жайды түсіндіріп берді.

Белгілі болғандай, видео 28 наурыз күні түсірілген. Көшені тазалап жүргендей кейіп танытқандар Тұран ауданы әкімі аппаратына қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері екен.

«Коммуналды мекеме қызметкерлері Темірқазық көшесі бойын қоқыстан тазартты. Алайда аталған аумақта қызметкерлер өз тараптарынан қоқыс тастап, фотоға түсірген. Қазіргі уақытта видеодағы үш қызметкер: М.Керімқұлов, А.Қоқанбаев, Ж.Құрманбаев жұмыстан босатылды. Сондай-ақ жауапты бөлім басшысына қатаң ескерту берілді» делінген Тұран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне жауапты маман берген мәліметте.

Айта кетейік, аталған видеоны желіде 500 мыңға жуық адам қарап, 11 мыңға жуық қолданушы репост жасап үлгерген.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)