Қызды арқалап, ағынды судан өткізіп жіберген жігіттің әрекеті көпшілікті сүйсінтті

Аиса Махамбет Редактор
31.03.2024, 19:40
569
Қызды арқалап, ағынды судан өткізіп жіберген жігіттің әрекеті көпшілікті сүйсінтті бейнежазбадан алынған кадр

«Қандай әсерлі сәт», – дейді кадр сыртында сөйлеген қыз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде ағынды судан өте алмай тұрған қызды арқалап судан өтуіне көмектескен жігіттің әрекеті Қазнет қолданушыларын сүйсіндірді. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Әлеуметтік желіге тарап, көптің жылы ықыласына бөленген видеода көшеде екі азаматтың келе жатқанын көруге болады. Олардың бірі судан өте алмай тұрған қызды байқап, оны арқалап құрғақ жерге өткізіп жібереді. 

“Қандай әсерлі сәт”, –дейді кадр сыртында сөйлеген қыз.

Кейін BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев видеодағы жігіттің өзі басқаратын компанияның Астанадағы нысандарының бірінде қызмет ететін азамат екенін айтты.

“Оның есімі – Қапият Дәулет, біздің қатардағы қызметкер, Астанадағы нысандардың бірінде жедел есеп маманы. Қиын жағдайда сөзсіз көмекке келетін жігіттерді мақтан тұтамын. Осы бір топан су күнінде апатты жеңуге көмектесетін де дәл осындай жігіттер”, – деп жазды Рахымбаев Facebook парақшасында.

Сонымен қоса Рахымбаев су басқан өңірлерге компаниясының қаржылай көмекті арттыратынын атап өтті. 

“Нағыз жігіттер осындай қиын кездерде сыналады. Дәулет деген біздің қарапайым жұмысшы, нағыз азамат. Ең бастысы, ел басына күн туғанда бірігіп, бір-бірімізге көмек көрсетсек, бәрін жеңеміз”, – деп жалғады ол.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты