Петропавл тұрғыны 2 аялдаманы қиратқан

01.04.2024, 17:35
431
Петропавл тұрғыны 2 аялдаманы қиратқан polisia.kz

Петропавл полицейлері бірден екі аялдаманы қиратқан тұрғынды ұстады.

Кеше таңертең Петропавл қаласының полиция басқармасына Н. Назарбаев көшесінде қызыл түсті сырт киімдегі белгісіз ер адамның аялдама павильонының шыныларын сындырғаны туралы хабарлама түскен. Бұл ақпарат барлық кезекші жасақтар мен автопатрульдерге жіберілді. Бейнебақылау инспекторлары осы ауданда аталған жаяу жүргіншінің белгілеріне ұқсас адамды тез арада анықтап, жазып алды.

Нәтижесінде ер адамды патрульдік полиция батальонының экипажы Н. Назарбаев пен К. Сүтішев көшелерінің қиылысында ұстады. Алайда ол полицейлер мінген автопатруль келгенге дейін бірнеше секунд бұрын басқа аялдаманың шынысын зақымдап үлгерген.

Ұсталған ер адам облыс орталығының 24 жастағы мас жүрген тұрғыны болып шықты. Айтуынша, ол мұндай әрекетті көңіл-күйі болмағандықтан жасаған.

Бұл фактілер бойынша полицейлер әкімшілік материал жинап, шешім қабылдауға мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді. Құқық бұзушы айыппұл төлеуі немесе 5тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

Теннисші Рыбакина жарақатына байланысты тағы бір турнирден бас тартты Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді Абай облысында 1200 орындық ІТ-мектеп ашылды Отандық авторлардың аудиокітаптары «AirAstana» жолаушыларына қолжетімді болады Көшпенділер ойынынан кейін қазақ халқын балағаттаған қырғыз азаматы ұсталды «Жыныстық мүшесін көрсететін»: мұғалім ағасы 10 жыл бойы үздіксіз зорлап келген қыз үндеу жасады (ВИДЕО) «Тағы әскери қызметкер өзіне қол жұмсады»: сарбаздың мәйіті Петропавлдан табылды «15 жасар қызды туған әкесі зорлап келген»: Қыздың анасы күйеуін кешіріп, арызын қайтып алды Қазақстанда әйел гаражда бала босанып, сәбиін қорапқа тастап кеткен «Соңғы кездері маза бермейді...»: Жұлдыз Әбдукәрімова оқырмандарына өмірі туралы жұмбақ сырды ашты «Сүйікті ерім жанымда»: Динара Сәтжан Меладземен түскен фотосын жариялап, көпті ойландырып қойды Астанада «Хан Шатыр» алдында іш киімін шешкен бойжеткен жауапқа тартылды Баян Алагөзова күйеуінің туған күніне арнап кеш ұйымдастырды Шымкентте жас жігітті пойыз қағып кетті Бүгін бірқатар облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды Ақжол Мейірбековтің жары марқұм қандай дертпен күрескенін айтып, көз жасына ерік берді Алматы облысында жасөспірімдер қатарластарын аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) 170 млн теңге: Қырғызстаннан Қазақстанға 3,3 кг алтын өткізбек болғандар ұсталды «Талай ұйқысыз түндеріміз өтті»: 5,5 млн сыйақы алған халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздары жеңіс жолындағы қиындықтарын айтып берді «Ауырған кезде ешкімге зиянын тигізбейді»: Астанада мешітте пышақ ұстап, қарсыласқан азаматтың туыстары оны түрмеден шығаруды талап етті