Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық мәселелер жан-жақты талқыланды

03.04.2024, 11:25
1178
Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық мәселелер жан-жақты талқыланды gov.kz

Қазақстан мен Индонезияның Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. Іс-шара шеңберінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері жан-жақты талқыланды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қазақстандық делегацияны бастаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Астана Джакартаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі саяси және экономикалық әріптестердің бірі ретінде қарастырып жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдул Кадир Джайлани екіжақты байланыстардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Индонезияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі  үшін сенімділік білдірді.

Тараптар достық, өзара сыйластық және әріптестік негізінде жан-жақты өзара ықпалдастықты нығайтуға бейілділігін растады. Жоғары және аса жоғары деңгейлерде саяси диалогті тұрақта түрде жүргізу қажеттігі аталып өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, өзара сауданың оң нәтижелері аталып өтті, оның көлемі шамамен 300 млн АҚШ долларына жетті. Өзара тауар айналымының қазіргі деңгейі қолда бар үлкен әлеуетке жауап бермейтінін атап өтіп, дипломаттар жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барынша күш салуға келісті. Келіссөздер барысында түрлі салалардағы нақты ұсыныстар мен жобалар талқыланды.

Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, мәдениет, білім, ғылым және спорт саласындағы байланыстарды арттыру бойынша ұсыныстармен алмасты.

Сондай-ақ сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдары туралы пікір алмасып, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылға және екі мемлекеттің сыртқы саяси бастамаларына өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды