Абай облысында «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылары сотталды

15.07.2023, 11:49
604
Абай облысында «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылары сотталды smartnews.kz

Абай облысында «Qnet» қаржыпирамидасын ұйымдастырушылар 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2018 жылы «К» есімді азамат тәуелсіз өкіл сертификатын ала отырып, «Qnet» халықаралық компаниясының сайтына тіркелген. 2021 жылы наурыздың басында өнімді сату және тарату дағдылары бар ол Алматы облысының аумағындағы желілік маркетинг саласында қалыптасқан жағдайды зерттей отырып, желілік маркетинг, халықтың экономикалық сауаттылығының төмендігін пайдаланып, заңсыз табыс көзін табу және пирамиданы басқару ниеті пайда болды. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында ер адам бұрынғы танысымен бірікті. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында екеуі (Гонконг) Малайзияда тіркелген «Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын пайдалана отырып, жасырын әрекет етті.

Бірлескен қызметке қатысу үшін, клубтық саяхат картасын сатып алу және «Qnet» компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде тіркелу үшін 780 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейінгі мөлшерде азаматтар жарна жасау керек болды. Қаржы пирамидасының кедергісіз және үздіксіз таралуы үшін және көп қатысушыларды тарту мақсатында сотталушылар 2021 жылы жалға алу арқылы кеңсе ашты.

Қатысушыларға психологиялық әсер ету, кездесулер, дәрістер, оқыту семинарларын өткізуімен  кеңседе мұқият құрылған жарнама компаниясын ұйымдастырды. Екі алаяқтың қаржы пирамидасына Қазақстан Республикасының жалпы 30 азаматы қосылды. Олар ұйымдастырушыларға сенім арта отырып, жалпы сомасы 25 млн теңге қаражат салды.

Сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-нің 217-бабы бойынша 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді