Ақша бопсалаудың да түр-түрі бар

14.12.2023, 13:57
1114
Ақша бопсалаудың да түр-түрі бар smartnews.kz

Осы күні біреудің өзге біреуден көрер көзге ақша бопсалайтын оқиғасы көбейіп кеткен. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ондай оқиғалардың бірі әшкере болып жатса, енді бірі жабулы қазан жабулы күйінде қалады. Себебі бопсалаушылардан зәбір көріп, бар жиған-тергенін беріп құтылғандардың ішінде жүрегі шайлығып қорқып қалатындары көп болады. Солар еш жерге шағымданбайды. Бастан құлақ садаға дейді де «Құдай салды, мен көндім» деп өкінішін жұтып жүре береді. Шағым түспеген соң бопсалаушы іздестірілмейтіні түсінікті. Ал ақша бопсалаушылардың талайы шағымның ізімен ұсталып, сотталып жатыр. 

Соңғы уақытта ақша бопсалаудың бірнеше оқиғасы қатарынан әшкере болды. Семейлік азамат өткен-кеткен пойыздардың қызметкерлерін бопсалап, ақшаларын алуға әбден дәндеп келген болса керек. Ол үнемі Семейден әр пойызға мініп, біраз жерден кері қайтады екен. Сол аралықта пойызда өзі байқаған кемшіліктерді составтағы темір жол қызметкерлерінің беттеріне басуды әдетке айналдырған. Ал өзін блогермін, кемшіліктеріңді жариялап масқараларыңды шығарамын деп қорқытатын болыпты. Бәледен машайық қашып құтылыпты демекші, тосыннан сасқалақтап қалған пойыз қызметкерлері әлгіге ақша ұсынып құтылады екен. Ақшаны шотына аудартып алып отырған.

Семейлік азамат осындай істі талайдан істеп жүрген көрінеді. Бірақ үстінен шағым түспеген соң ұсталмаған. Дегенмен үстінен шағым түспесе де, пойыз қызметкерлерінің арасында сөз болып тұратын бопсалаушы жайлы әңгіме көлік полициясы қызметкерлерінің құлағына жетеді. Содан кейін әлгі адам ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тексере келгенде оның ешқандай блогер еместігі, бұрын алаяқтық әрекеті үшін сотталғаны белгілі болды. Ал осы пойыздарды жағалап жүріп, темір жол қызметкерлерінен бас-аяғы 48 миллион теңгені бопсалап алғаны анықталды. Мұншама ақшаны ол өзі бопсалаған 60 адамнан аудартып алған. Қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Ал Алматы қаласында ерлі-зайыпты журналистердің кәсіпкерден ақша бопсалағаны әшкере болды. Ері Владимир Северный мен әйелі Наргиз Северная бір жауапкершілігі шектеулі серіктестікті майшелпекке айналдыруды көздеген екен. Олар алдымен бірнеше рет ол серіктестік туралы теріс сипаттағы материал жариялайды. Содан кейін ерлі-зайыптылар әлгі серіктестіктің басшысымен мейрамханада кездеседі. Ерлі зайыпты журналистер енді теріс материал жариялауды тоқтатамыз, бірақ бұл үшін бізге 15 миллион теңге бересің деп бопсалауға көшеді. Серіктестіктің басшысы ақшаны бөліп-бөліп беретін болып мәміле жасалады. Ал соңынан ақшаның алғашқы бөлігі – 5 миллион теңгені алып жатқан жерінде қос журналист қолға түседі. Бұл оқиғаға қатысты сот аяқталды. Бопсалаушы ерлі-зайыптының екеуі де бас бостандықтарынан айырылды. Ері 7 жылға, ал әйелі 8 жылға сотталды. Әйелінің жазаны өтеуі бес жылға шегерілді, себебі жас сәбиі бары ескерілді. Бұлар бопсалау ісімен бұрыннан айналысса керек. 2019 жылы екеуі Алматыдағы бір дәмхананың қызметі туралы жағымсыз сипаттағы посттар, фото және бейнематериалдарды жариялаған екен. Ал сол посттарды газетке бермеу үшін дәмхананың басшысынан 500 мың теңге талап етіпті. Дәмхана басшысы саудаласқан болар, ақыры 200 мың теңгені місе тұтып тыншыпты.

Семейдегі де, Алматыдағы да бұл оқиғалар ақша бопсалаудың мәдениетті түрі болса керек. Өйткені ақша бопсалаудың жабайы, дөрекі түрде немесе күш қолданып істелетін сәттері де көп. Ондай сәттердің де бәрі бірдей әшкере бола бермейді. Себебі қорқып қалған адамдар құқық қорғау органдарына шағымданбай, тыныштықты қалаған күйлерінде қала береді.

Алматыда бір азамат сүйдім-күйдім деп бір әйелдің үйіне кіріп алады. Біраз күн мінезін көрсетпей мүләйім болып жүреді. Ал содан кейін топалаң шығарады да табанда 500 мың теңге тауып бер, әйтпесе өзіңді де, сіңліңді де тірі қоймаймын деп пневматикалық тапаншамен еденге атады. Қорқын кеткен әйел ондай ақшасының жоқ екенін айтады. Сонда әлгі адам ұялы телефоныңды ломбардқа өткіз, берген ақшасын қолыма сал деп бұйырады. Ломбардтағылар телефонын алып қалып, қолына 235 мың теңге береді. Ер адам ақшаны алып кетеді. Қорқып қалған әйел өзіне келе алмай 20 күндей жүріпті, содан кейін полицияға шағымданыпты. Сүйдім-күйдім деп алдап, соңынан әйелді сотқарлықпен бопсалаған адам қолға түсіп, қамауға алынды.

Жақында Қызылордада үш адам бір адамды ортаға алып, ұрып-соғып, ақша тауып бер, тауып бермесең мүсәпір күйіңді әлеуметтік желіге салып масқаралаймыз деп бопсалаған. Таяқ жеген адам банкке барып, 250 мың теңге несие рәсімдеп, ақшаны әлгі үшеудің қолына салыпты. Кейін полицияға шағымданған. Полиция ақша бопсалаушы үшеуін ұстап алған. Ол үшеуі Қызылордада қаңғып жүрген Шымкенттің адамдары екен. Ал таяуда Қарағандыда үш адам өзге үш адамды алдымен өлімші етіп сабаған. Содан кейін алдарына салып банкке алып барған. Банкте үшеуіне де несие рәсімдетіп, ақшаларын алып кеткен. Біріне 27 мың теңге, екіншісіне 57 мың теңге шығыпты. Ал үшіншісіне ұялы телефон сатып алуға тауарлы несие шығартқан. Онысымен қоймай, әлгі зәбір көрген үшеудің біреуінің ұялы телефонын тартып алып кеткен. Ақша бопсалаушы үш адам ұсталды, біреуінен тапанша табылды.      

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды