"Аман алып қалу үшін 40 минут күрескен": Өрт кезінде түтінге уланған бүлдіршін көз жұмды

25.10.2023, 10:17
4598
"Аман алып қалу үшін 40 минут күрескен": Өрт кезінде түтінге уланған бүлдіршін көз жұмды бейнежазбадан

Петропавлда көпқабатты үйдегі өрт кезінде түтіннен уланған үш жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалу үшін 40 минут күрескен. Бұл туралы smartnews.kz сайты Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көпқабатты үйдегі өрт таңертеңгі ондар шамасында болған. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына небәрі екі минутта жеткен. Осы уақытта бөлмелердің бірінде 25 шаршы метр жерде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқан.

Құтқарушылар кіреберісте қолында үш жасар баласы бар әйелді тапты. Ол жанып жатқан пәтерден жүгіріп шығып баласын бірден дәрігерлерге тапсырған. Екі жедел жәрдем бригадасы оның есін жиғызуға тырысқанымен еш әрекет көмектеспеген. Деректерге сай, көз жұмған баланың анасына психологиялық көмек қажет болған. 

"Өртті сөндіруде ешқандай қиындық болған жоқ. Бар болғаны 12 минут өщшірдік. Бірақ жиһаз сияқты заттардың жанғанына байланысты қиянды қалдықтар ауаға көптеп бөлінген. Олар әсіресе баланың нәзік ағзасына тікелей әсер етеді. Өкінішке орай салдарынан осындай жағдай орын алды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы Евгений Журавлев.

Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген