Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспары жайында тұрғындармен қызу талқы өтті

25.08.2023, 14:06
691
Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспары жайында тұрғындармен қызу талқы өтті

21-25 тамыз күндері “Астана Бас жоспары” ҒЖЖИ ЖШС ұсынған жобалауға қатысты қала тұрғындары наразылығы мен ұсыныстары қаралды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

2035 жылға дейінгі Астана қаласына арналған бас жоспар жасалды. Бұған дейін 2016 жылы жасалған жобада қалада 2030 жылға дейін 1,2 млн тұрғын болады деп жоспарланған. Десе де, биылғы жылдың 1 маусымындағы статистика бойынша қаладағы тұрғындар саны 1,376 млн адамды құраған.

Елорда тұрғындары күн санап өсіп келе жатқандықтан, жаңа жоспар жасалған. 2035 жылға дейін Астанада 2,3 млн адам болуы мүмкін деген болжам бар. Осы болжамның төңірегінде қалаға өзгерістер жасалмақ.

Әуелі жоспар бойынша ескі жер үйлер, саяжайлар мен гараждар қиратылмақ. 2025 жылға дейін қиратылуы керек аталған обьектілердің 730 гектары қирайды. 2035 жылы бұл көлем 1362 гектарға өссе, ал 2050 жылы 660 гектар болады.

Қиратылған жер үйлердің орнына тұрғын үй қалашықтары мен жаңа мектеп, балабақша, дәріхана және т.б. қажеттіліктермен қамтылады. Қаланың шет жақ тұрғындары көбіне жер үйде тұрақтап, көп жағдайда қаланың орталығына күнделікті қатынауына мәжбүр болып келді. Сондықтан жаңа бас жоспарда шет тұрғындарға өздеріне тиесілі полицентрлер салынады.

Халықты әлеуметтік қажеттіліктермен қамту ісі, дәлірек айтқанда мектеп, балабақша, ауруханаларды көбейту ісі қаралады. 2035 жылға дейін жаңа 164 мектеп, 178 балабақша, 93 ауруханалар салынады.

Жол қатынасы мәселесінде веложолдар көбейеді. Дәлірек айтқанда веложолдар қаланың барлық жерінде қамтылады. Сондай-ақ LRT-дан бөлек, BRT мен трамвай қозғалысы іске қосылады.

Қаланы көгалдандыру ісін қолға алынады. Жаңадан салынып жатқан аудандарда жаңа сквер, аллеялармен толығады. Астананың ескі аудандары да назардан тыс қалмақ емес. Қаланың ескі бөлігіне парктер мен сквер, бульварлар салынады. Олардың жоспардағы көлемі – 3,200 гектарды құрап отыр.

Аталған мәселенің бәрін талқылауға келген тұрғындар мен әкімдік, институт өкілдері өзара диалогға түсті. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың бірыңғайы кәріз, көгалдандыру мен ескі үйлерді бұзу проблемаларына бағытталды. Жиынға Астана әкімдігі аппараты басшысының орынбасары Жомарт Айтқазы, Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Алмас Жаңбыршы, “Астана Бас жоспары” ҒЖЖИ ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов, Астана урбанистика орталығының директоры Елнар Базыкен және өзге де мамандар мен өкілдер қатысты.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды