884

Бишімбаевтың көлікпен баланы қағып кеткені рас па - Ішкі істер вице-министрі жауап берді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха сотталушы Қуандық Бишімбаевтың «бұрын көлікпен бала қағып кеткені» жайлы ақпаратты растамады.

Бишімбаевтың көлікпен баланы қағып кеткені рас па - Ішкі істер вице-министрі жауап берді
Бейнежазбадан

Көлікпен бала қағып кетті деген ақпарат расталмады. Біз марқұмның туыстарымен (Салтанат Нүкенова – авт.), оның ішінде ағасымен де сөйлестік. Ақпарат қайдан шыққанын да тексердік. Бірақ онда басқа жағдай туралы айтылған. Сондықтан ақпарат расталмады, - деді Игорь Лепеха.

Бұған дейін Астанада өтіп жатқан сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың анасы экс-министр Қуандық Бишімбаев көлікпен бала қағып кеткенін, бірақ жауапкершіліктен құтылғанын айтқан еді.