Грек-рим палуаны Демеу Жадыраев күміс жүлде иеленді

07.08.2024, 23:20
1759
Грек-рим палуаны Демеу Жадыраев күміс жүлде иеленді AP Photo

Париж-2024: Демеу Жадыраев елімізге тағы бір медаль әкеп қосты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Демеу Жадыраев Париж олимпиадасының күміс жүлде иегері. 

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жықты. Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.

Ал жартылай финалда Демеу әзербайжан Санан Сүлеймановтан басым түсіп, финалға жолдама алған еді. Сананды кілемнен көтеріп алып, лақтырып, төрт ұпай алды да, одан соң кілемде бір айналдырып, тағы екі ұпай иеленді. Белдесудің екінші бөлігінде Санан есепті теңестіре алған жоқ – 6:1. 

Енді жауырыны жер иіскемеген палуанымыз финалда жапон Нао Кусакамен белдесіп, одан жеңіліп қалды.

Десе де Демеу Жадыраев елімізге күміс медаль сыйлады.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев 2 қараша 1989 жылы дүниеге келген. Ол Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылдық округінде туған. Грек-рим стиліндегі палуан. Ол 2020 жылғы Токиодағы олимпиадаға қатысқан.

Демеу 2015 жылы 66 келіге дейінгі санаттағы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2016 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017 жылғы әлем чемпионатының 71 келіге дейінгі санаттағы күміс жүлдегері.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды