Марат Әйтеновтің бұрынғы отбасы үйінен шығарылған видео тарады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.07.2024, 14:15
1423
Марат Әйтеновтің бұрынғы отбасы үйінен шығарылған видео тарады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Бұл оқиғаға Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева түсініктеме берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайының күштеп көшірілген видеосы жарияланды.

Қазақстандық Дана Атешова Instagram парақшасында үш баласымен бірге үйінен күштеп шығарылып жатқаны туралы видеоролик жариялады. Онда ер адамның әйелді шашынан ұстап, үйінен шығарып жатқанын көруге болады. Экранның бер шетінде бұл Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайы деп айтылады. Сондай-ақ, видеода жылап жатқан балалар үйінен қалай шығарылғанын, олардың біреуінің мұрнынан қан кетіп жатқанын байқауға болады. Оқиға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының алдында болады.

«Ең өкініштісі, полиция мен ер адамдар алдында ол мені тағы да ұрды. Мен: «Полиция! Полиция» деп айқайладым. Ол мені тұншықтырды, шашымнан сүйреді. Бізде заң қайда? Полиция не істеп тұр! Ол менің шашымды жұлды», – деді Дана Атешова.

Бұл оқиғаға Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева түсініктеме берді.

«Дана Атешова мен оның балаларымен болған жағдайға қатысты. Бұл жағдай бойынша біз қала прокуратурасына хабарластық. Балалардың анасымен байланыстамыз.

Сондай-ақ, Бас прокуратураға кәмелетке толмағандарға қатысты қысымның, қорқытудың жолын кесу және аталған фактілерді жан-жақты қарау жөнінде кешенді шаралар жүргізу бойынша өтініш жолданды», – деді Закиева.

Одан бөлек желіде оқиғаның қалай басталғаны жөнінде бейнежазба тарады. Онда Марат Әйтенов әйелге ұлының атында бизнес-класстағы пәтер барын айтады.

«Бұл сендердің, балалардың пәтері. Өтірік болса, онда үйдің құжаттарын көрейік. Мен өзім жеке, сендерге, Мансұрға (ұлы - ред.) бұл үйді бірнеше рет ұсындым. Мансұр, сенің атыңда Алматыдағы бизнес-класстағы төрт бөлмелі пәтерің бар. Сол өз баспаналарыңда тұрыңдар, қарсы емеспін», – дейді Әйтенов.

Бейнежазбада Дана Әтешованың Әйтеновті балағаттап жатқанын көруге болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді