«Офицері нашақор»: Маңғыстауда бетіне оқ тиіп қаза болған сарбаздың анасы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
11.09.2024, 12:12
976
«Офицері нашақор»: Маңғыстауда бетіне оқ тиіп қаза болған сарбаздың анасы мәлімдеме жасады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ақтаудағы "Оймаша" полигонынында бетінен оқ тиіп, қаза тапқан сарбаз Марат Барқұлов қайтыс болар алдында жақындары мен достарынан ақша сұраған екен. Аталған жайтты марқұмның анасы Әсия Барқұлова айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Дамир Көшеевтің Instagram парақшасында сарбаздың анасы, әкесі және достары түскен видео пайда болды. 

Марқұмның әкесі Ербол Барқұловтың айтуынша, Марат бастапқыда әскерге барғысы келмеген. Алайда бір жылдан кейін ол ойынан айнып, Отан алдындағы борышын өтеуге бел буыпты.

"Ұлым осы жылы өз еркімен әскер қатарына аттанды. Ол Қазақстанның таңдаулы әскерлерінің қатарына қосылғанын мақтан етті. Теңіз жаяу әскерінің қатарына қосылғанына қуанды", – дейді марқұмның әкесі.

Мараттың анасы ұлынан Шығыс Қазақстанда қызмет етуді сұрағанын айтты. Дегенмен ол өз таңдау жасағанын айтып, анасынан алаңдамауын өтініпті. 

"Үнемі бәрі жақсы деп айтатын. Көп ақша сұрамайтын, әрі кетсе екі мың теңге. Сол күні, бейсенбіде (5 қыркүйек) ол қандай да бір себептермен ақша жинай бастады. Екі сағаттың ішінде бәріне қоңырау шалыпты. Әкесі мен әпкесіне байланысыпты. Маған ғана хабарласпады", – дейді Әсия Барқұлова.

Әкесінің айтуынша, әдетте Марат ақшаны жексенбі күні сұрайтын. Сома 2-3 мың теңгеден аспайтын. Бірақ кейінгі кездері жиі хабарласып, ақша сұраған.

"Маған қоңырау шалып, ақша сұрады. Неге деп сұрадым. 2-3 күн қатарынан телефон соғып, ақша сұраған кезі болды. 2-3 мың теңге сұрайтын. 4-5 қыркүйек күндері сөйлескенбіз. Сол кезде ол дауыс ұлғайтқыш алу үшін ақша жинап жатқандарын айтты. Одан қазан айына дейін күте тұруын сұрадым. Өзім барып, жақсы дауыс ұлғайтқыш алып беретінімді айттым. Ол бірнеше күн қатарынан ақша алды. Мүмкін офицерлердің бірі нашақор шығар", – деді әкесі.

Қайғылы оқиғаға түсініктеме берген Қазақстан "Батыс" әскерлерінің қолбасшысы Бауыржан Артықов армияның толық қамтамасыз етілгенін айтты. Ал әскери қызметкерлер арасында бопсалаудың алдын алу мақсатында командирлермен ата-аналар арасында ортақ чат ашылды дейді.

"Бірінші күннен бастап біз ата-аналардан, егер мұндай факт анықталса, дереу хабарласуын сұрадық. Жағдайдан хабардар болайық дедік. Өкінішке қарай, қайғылы оқиға болды. Сондықтан мен әскер командирі ретінде ата-анадан, туған-туыстары мен жақындарынан кешірім сұраймын. Бүгін біз оны соңғы сапарға шығарып салдық", – деді Артықов.

Ол Мараттың өліміне кінәлі офицер ғана емес, басқа да жауапты тұлғалардың тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты. 

10 қыркүйекте бетінен оқ жарақатын алған сарбаз Марат Барқұловты туған-туыстары соңғы сапарға шығарып салды. Жерлеу оның туған ауылы Самарскоеде өтті.

Елімізде туу көрсеткіші ең жоғары өңір – Түркістан облысы боп шықты 9-сынып оқушысы белгісіз вирустан көз жұмды «Құны – 7 миллион теңге»: блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне алған сыйлығын көрсетті Өз анасын аяусыз өлтіріп, өртеп жіберген жігіт жазадан құтылып кетті Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын үйі тағы да аукционға қойылды 2 ай бұрын үйленген ер адам өз әйелін арамен өлтірген «Бәрін Алла көріп тұр»: әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайым өзін айыптағандарға жауап берді Грузияның бұрынғы президенті Саакашвили тоғыз жылға сотталды Наурыз мейрамында жолаушылар екі күн автобуспен тегін жүретін болды Биыл 1000-нан астам ұландық отандық және шетелдік әскери жоғары оқу орындарында білім алуда Әйелдерге миллионмен декретке шығуды үйреткендер заң алдында жауап бере ме? Президент Дариға Тілендиеваның жақындарына көңіл айтты 84 жылғы әйел өз ұлына бір бүйрегін беріп, өмірін аман сақтап қалды Енді шымкенттіктер Мюнхенге тікелей ұшып бара алады Сот актілерін орындамаудың жауапкершілігі ауыр – Жазира Байысбаева Күдікті Перизат Қайратқа қатысты тағы бір шындық ашылды «Уақытылы ұйықтамағанның кесірі»: Танымал әнші ауыр жол апатынан аман қалғанын жеткізді Бакуде жарақат алған алматылық қызға әзірбайжандар тегін көмек көрсеткен Әйгілі актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті Алматыда Жириновскийдің 80 жылдығына орай ескерткіш орнатылады – Ресейлік БАҚ