Президенттің бұрынғы кеңесшісінен қысым көрген әйелі Тоқаевтан жәрдем сұрады

10.11.2023, 20:20
24114
Президенттің бұрынғы кеңесшісінен қысым көрген әйелі Тоқаевтан жәрдем сұрады aqorda_resmi

Бұрынғы кеңесші балаларды анасынан айырмақ болған.

Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, Олжас Құдайбергеновтың әйелі Мөлдір Қабылова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағымданып, видеоүндеу жолдады. Әйелдің айтуынша, ол 2022 жылдың қаңтарында ажырасуға шешім қабылдаған. Ал 2022 жылдың наурызында Олжас Құдайбергенов кәмелетке толмаған балаларын анасынан айырып, Ұлыбританиядан алып кетпек болған. Британ полициясы оны әуежайда ұстап, балаларды анасына қайтарған. Ұлыбританияның әлеуметтік қызметтері әйелді балаларымен бірге баспанасыздарға арналған үйге орналастырған.

Мөлдір ұзақ уақыт бойынша ешқайда шағымданбаған. Бірақ 2022 жылдың наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін күйеуінен қысым көріп келеді екен.

Олжас жалға алынған үйдің ақшасын төлеуден бас тартты. Төрт баламмен далада қалдым. Әкем оның әрекетіне ашуланып, одан әкелік міндеттерін орындауды, оқу жылына дейін жалға алынған пәтердің ақысын төлеп беруді талап етті. Бірақ ол әкемнің үстінен “бопсалады” деген айыппен арыз жазған”, – дейді Мөлдір Қабылова.

Әйелдің айтуынша, әкесі бірден қамауға алынған. Полиция бөлімінде есінен танып құлап, бас сүйегін, жамбас сүйегін және аяқтарының сүйектерін сындырып алған, содан кейін 4 ай бойы төсектен тұра алмаған.

Сонымен қатар, халықаралық бағдарламалар орталығы арқылы 2023 жылдың ақпан айынан бастап әйеліне "Болашақ" стипендиясын төлеуді тоқтатып, әйелінің "Болашақ" бағдарламасына кепілге қойған пәтерін тартып алып, сатып жіберген.

2023 жылдың қазан айында Құдайбергеновтың арызы бойынша полиция бопсалады деген айыппен әйелдің әкесін тағы екі айға қамауға алыныпты.

Сондай-ақ, “НеМолчиKZ” қорының жазбасында Құдайбергеновтың әйеліне қойған талабы жарияланды.

"Оның талабы: енді біреуді үйге шақырарда немесе біреуге қонаққа барада тек менің рұқсатыммен барасың, "өмір бойы араласу тыйым салынған" адамдардың тізімі болады. Әкең маған айтқан әрбір сөзі мен әрекеті үшін кешірім сұрауы керек”, – делінген қордың жазбасында.

Қор осы мәселені шешу үшін президентке шағымданған. 

Еске салайық, Олжас Құдайбергенов – ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы қызметін атқарады. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды