ReVita студенттер командасы Google хакатонында ондыққа кірді

21.07.2023, 13:27
754
ReVita студенттер командасы Google хакатонында ондыққа кірді nu.edu.kz

ReVita мобильді қосымшасын жасаған студенттер тобы Google Solution Challenge хакатонында ондыққа енді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ReVita – органдарды трансплантациялаудан кейін пациенттердің сауығуына көмектесетін қосымшаны жасап шығарған студенттерден тұратын команда. Олар Орталық Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағының алғашқы ондыққа кірген жалғыз өкілдер. Команда құрамы Назарбаев университеті мен ҚБТУ оқу орындарының білім алушыларынан құралған.

Жыл сайын ұйымдастырылатын хакатонның басты мақсаты – қатысушылар ұсынған жоба БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатымен анықталған мәселелерді шешуге қандай да бір түрде көмектесуі керек.

«Көптеген науқастар операцияның физикалық аспектілері мен емделу туралы көбірек ойлайды, эмоционалдық күй туралы азырақ ойлайды. Операциядан кейін біреу өз жағдайы туралы алаңдай бастайды, біреу органның қабылданбауына тап болады. Адамның өзін тапқан күйі өзі үшін де, айналасындағы адамдар үшін де өте маңызды болуы мүмкін», - дейді жобаны жасаушылар.

Биыл жарысқа қатысуға 5000-нан астам өтініш кеп түскен. Үздік жүздікке Жапония, Үндістан, Қытай өкілдері, сондай-ақ Солтүстік Америка мен Ұлыбританияның қатысушылары жолдама алған болатын. Оның ішінде топ-10 қазақстандық команда өтіп отыр.

Сондай-ақ студенттеріміз жобаны жеңген жағдайда $1,000-нан $4,000-ға дейін ақшалай сыйлық алады. Одан бөлек жобаны ауқымды өнім сатысына дейін жетілдіруге көмектесетін технологиялар мен Google тәлімгерлеріне қол жеткізеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді