Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды

Азиз Қалижан Редактор
05.06.2025, 18:31
13647
Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды kp.ru / Алексей БУЛАТОВ

Мұғалім қызды 14 жасынан бастап, бірнеше жылдар бойы зорлап келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде өзін жасөспірім кезінде жаттықтырушысы тарапынан ұзақ уақыт бойы жыныстық зорлық көргенін мәлімдеген Людмила есімді әйел азаматтық сотта жеңіске жетіп, бұрынғы бапкерінен 1,5 миллион рубль (9 млн теңге) өндіруге қол жеткізді. Бұл туралы Ростов облыстық соттарының біріккен баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жәбірленушінің айтуынша, зорлық-зомбылық 14 жасында басталып, бірнеше жылға созылған. Сол уақытта жаттықтырушысы 32 жаста болған. Алғашында ол жас спортшыға жаттығу кезінде тиісе бастаған, кейін бұл әрекеттер интимдік қатынасқа ұласқан.

«Мен оған тәуелді болдым, спорттағы болашағым тек соған байланысты деп ойладым. Қарсы тұрудан қорықтым», – дейді Людмила.

Қарым-қатынас тоқтағаннан кейін де, бапкер спортшы қызға қысым көрсетуді жалғастырған. Ол жарыстарға қатыса алмауы мүмкін екенін айтып, қорқытқан.

Тек араға көп жыл салып, 32 жасында Людмила құқық қорғау органдарына жүгініп, тергеу басталды. Оның айтуынша, ол жалғыз емес – іс барысында басқа да жәбірленуші қыздар анықталған. Кейбірінің жасы небәрі 8-де болған.

«Ол қыздардың сеніміне кіріп, “бұл жаттығудың бір бөлігі”, “бұл – махаббат” деп, сананы улады», – дейді Людмила.

Алайда қылмыстық іс мерзімінің өтіп кетуіне байланысты 2025 жылдың қаңтарында жабылды. Дегенмен, азаматтық іс қаралып, сот экс-жаттықтырушыны Людмилаға 500 мың рубль моральдық шығын және 957 мың рубль материалдық залал ретінде өтеуге міндеттеді. Қазіргі таңда шешім заңды күшіне енген жоқ.

Людмила өзінің ұзақ жылдар бойы психологиялық жарамен өмір сүріп келе жатқанын жасырмайды. Қазір ол – спорттық заңгер әрі жаттықтырушы. Бірақ жеке өмірінде сенім мәселесі шешілмеген күйінде қалған.

«Ол менің өмірімді құртты. Қазір психологпен жұмыс істеп жатырмын», – дейді ол.

Сотталған жаттықтырушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Людмила болса, бұл істе бастысы – ақша емес екенін айтады. Оның басты мақсаты – мұндай жағдайларды жазасын қалдырмау екенін айтты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды