Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді

05.06.2025, 18:17
3872
Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді

2025 жылдың 11–13 маусым аралығында Астанадағы Халықаралық көрме орталығында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен алғашқы EXPOGOODS CENTRAL ASIA Халықаралық Экспо-форумы өтеді.

EXPOGOODS CENTRAL ASIA – Орталық Азия, ТМД, Таяу Шығыс, Азия және Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған ірі салалық алаң болмақ.

Форумға Әзірбайжан, Беларусь, Иран, Қытай, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Ресей, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан және Еуропалық Одақ мемлекеттері сияқты 10-нан астам елден қатысушылар жиналады. Шара ынтымақтастықты нығайтуға, экспорт-импорт белсенділігін ынталандыруға және аймақтағы бизнес серіктестіктерді кеңейтуге бағытталған.

Форум аясында мемлекеттік органдар, бизнес пен халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар және CEO Talks сынды мазмұнды іскерлік бағдарлама ұсынылады. Қатысушылар халықаралық сауда, логистика, ритейлді цифрландыру және FMCG секторындағы тұрақты даму мәселелерін талқылайды.

11 маусым күні «Astana International Trade Forum» – Орталық Азия елдеріндегі бөлшек сауда мен FMCG секторының болашағына арналған басты салалық шара өтеді. Форумға жетекші сарапшылар, топ-менеджерлер, сауда желілерінің, дистрибьюторлардың, өндірушілер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысып, сауда саласындағы үрдістерді, сын-қатерлерді және даму стратегияларын талқылайды.

12 маусым күні  «Қазақстандық экспорттаушылар форумы – 2025»өтеді. Бұл алаң экспорттаушылар мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей диалог үшін маңызды платформа болады деп күтілуде. Шара барысында логистика, сертификаттау, кеден және қолдау шаралары сияқты негізгі мәселелер қаралып, қатысушылар құзырлы ведомствалардан нақты жауаптар ала алады.

13 маусым, яғни форумның соңғы күні Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының II съезі өтеді. Бұл іс-шара жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының «QAZ TEXTILE INDUSTRY» ұлттық бірлестігінің 10 жылдық қызметін қорытындылауға, саланы әрі қарай дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттарын анықтауға арналады. Съезде бизнес, мемлекет және СРО «QAZ TEXTILE INDUSTRY» арасындағы өзара іс-қимылдағы проблемалық мәселелер және саланың тұрақты дамуы талқыланады.

Айтулы шара аясында өтетін Көрме бөлігі үш күнге созылады. Көрмеде түрлі бағыттардағы өнімдер мен шешімдердің кең спектрі қамтылмақ.

Мысалы, FOOD GOODS & HORECA бөлімінде азық-түлік, сусындар және биологиялық белсенді қоспалар ұсынылады. Ал OUTDOOR HORECA бөлімі қонақжайлық индустриясы кәсіпорындарын жабдықтау мен құрал-жабдықтарға арналады. NON-FOOD GOODS секциясында тұрмыстық және интерьерлік заттар, ыдыс-аяқ, тұрмыстық химия, косметика, гигиеналық құралдар, демалысқа арналған тауарлар мен шешімдер көрсетіледі. Көрменің PRODUCTION & SERVICE блогында қаржылық, логистикалық және бизнеске арналған басқа да қызмет түрлері ұсынылады.

Сондай-ақ көрме аясында пікірталас алаңдары да жұмыс істейді.  «HoReCa Forum-2025» үш күн бойы қонақ үй және мейрамхана бизнесінің мамандарын бір алаңға жинайды. Форумға 30-дан астам сарапшы қатысып, өзекті трендтер мен іскерлік байланыстар орнату мүмкіндіктері ұсынылады.

EXPOGOODS CENTRAL ASIA – өндірушілер, ритейлерлер, дистрибьюторлар, инвесторлар және мемлекеттік органдар арасындағы диалогқа арналған бірегей іскерлік платформаға айналады. Шара ұзақ мерзімді серіктестіктер құруға, тиімді келісімдер жасауға және Орталық Азия аймағының экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған.

Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Сауда және интеграция министрлігі және «Майер Экспо Азия» ЖШС.

Қосымша ақпаратты ресми сайттан таба аласыз.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды