«Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
05.06.2025, 17:47
6002
«Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Қылмыстық істер ашылып, күйзеліс жағдайында жұмыс істедік дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат оның «100 пәтер» тарату акциясына қатысты ашық пікір білдірді.

Ол бұл әрекетті шынайы қайырымдылық емес, маркетингтік айла деп атады.

«Нағыз қайырымдылық – еш пайда көздемей, атауын жасырып жасалады. Ал бұл жолғы 2 миллиард теңге – науқан алдындағы өнімнің танымалдылығын арттыру үшін бөлінген маркетинг бюджетінің жартысы. Шай сатылуы тиіс, қоймада қалып қоймауы керек. Сонымен бірге бұл – адамның имиджін көтерудің тәсілі», – деді Ляйсира Марат.

Сонымен қатар, экс-жұбайы компаниядан шеттетуді сұрап, Сатыбалды әулетіне жүгінгенін айтты. Сол кезден бастап компанияға қысым күшейіп, қылмыстық істер ашылған.

«2021 жылдың ортасына қарай сату көлемі 35 миллиард теңгеден асты. Компания міндеттемелерден құтылды, ал өнім нарықта танымал брендке айналды. Бірақ сол жазда мені компаниядан шығарып жіберді. Егер қарсылық білдірсем, бәлкім, қазір тірі де болмас па едім», – деп бөлісті ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды