SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері көлемі бір миллиард теңгеге жуық қаржылық қылмысты әшкереледі.
Тергеу мәліметінше, «Qarmet» компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлері қылмыстық схема бойынша әрекет еткен. Олар алдын ала сөз байласып, кәсіпорынның өндірістік қалдықтарын заңсыз жолмен иемденіп, қайта өңдеусіз Теміртау қаласы маңында қалдырған.
"Қазіргі таңда қылмыстық іске байланысты 14 адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр," – деп мәлімдеді ІІМ.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша іс қозғалған. Тергеу органдары бұл іске қатысы бар өзге тұлғаларды да анықтау мақсатында жұмысты жалғастырып жатыр.
Құзырлы органдар бұл іс қоғамның назарына іліккенін, сондай-ақ тергеудің ашық және әділ жүргізілетінін жеткізді.
RUS