Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты

06.06.2025, 15:15
1727
Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Jehad Alshrafi/The AP

Халықаралық журналистер федерациясы үш журналистің өлімін дереу әрі әділ тергеуді талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғалы бері кемінде 169 палестиналық журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан. Бұл туралы Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) мен Палестина журналистер кәсіподағы (PJS) мәлімдеді. Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) дерегінше, бұл сан 180-нен асады.

Соңғы оқиға бейсенбі күні Газадағы «Аль-Ахли» (немесе Баптист) ауруханасының ауласында болған: Израиль армиясының шабуылы кезінде үш палестиналық журналист қаза тауып, тағы алтауы жараланған. Бұл туралы бірнеше ақпарат агенттігі хабарлады.

Палестина журналистер кәсіподағы Сулейман Хаджаж бен Исмаил Бадахтың (екеуі де «Палестина Бүгін» басылымының тілшісі мен операторы) және «Шамс» ақпарат агенттігінің қызметкері Самир Ар-Рифаидің қаза болғанын растады. Израиль сарбаздары оқ атқан кезде олар «Аль-Ахли» ауруханасының ауласында болған. «Аль-Арабия» телеарнасының фрилансер-операторы Ахмед Кальджа ауыр жараланған. Тағы үш журналист жарақат алды.

IFJ мен PJS бұл оқиғаны қатаң айыптап, үш журналистің өлімін дереу және әділ тергеуді талап етті.

Израиль армиясы бұл шабуыл бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтып, тек ХАМАС содырларына ғана соққы жасалатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, бейбіт тұрғындардың өліміне ХАМАС жауапты екенін, өйткені содырлар тұрғын аудандарда жасырынатынын алға тартты.

IFJ-дің мәліметінше, қақтығыс басталғалы бері Газа секторында кемінде 169 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан, көптеген адам жарақат алып немесе із-түссіз жоғалған. Федерация арнайы коммюникеде бұл адамдардың аты-жөнін және өлім немесе жоғалу жағдайларын атаған.

Журналистерді қорғау комитеті 180-нен астам журналист пен БАҚ қызметкерінің қаза болғанын хабарлайды, басым көпшілігі — Газада.

Палестина журналистер кәсіподағының мәліметінше, 225 журналист Израиль әскері тарапынан қаза тапқан. Олардың қатарында 2024 жылдың ақпанында Иордан өзенінің батыс жағалауында өлтірілген Ибрагим Махамид те бар.

Кәсіподақ Израильді палестиналық журналистерге қатысты зорлықпен жоғалту саясатын жалғастырып отыр деп айыптады. Атап айтқанда, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Нидаль Әл-Вахиди мен Хайтам Абдель-Вахедтің тағдыры белгісіз. Олар Газадағы Бейт-Ханун бақылау бекетінің маңында болған қақтығысты түсіру кезінде жоғалып кеткен. Әл-Вахиди «Аль-Наджа» арнасында, ал Абдель-Вахед «Айн» медиа агенттігінде жұмыс істеген. Әл-Вахидидің отбасына журналисттің Израиль әскері тарапынан тұтқындалғаны хабарланған, бірақ содан бері екеуі туралы еш дерек жоқ.

Израиль жағы болса, авиаударлардан қаза тапқандардың көбі — журналист кейпіндегі ХАМАС содырларыболды деп мәлімдейді.

Сонымен қатар, бейсенбіге қараған түні Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласына жасалған шабуылдан кемінде 10 палестиналық қаза тапты. Жергілікті Насер ауруханасы осы адамдардың денелерін қабылдағанын хабарлады. Бұл шабуылдың бір күн бұрынғы екі тұтқынның денесін іздеу операциясымен байланысты болған-болмағаны белгісіз.

Израильдің соғыс жүргізу тәсілдері халықаралық қауымдастықтың сынына жиі ұшырап жүр. Қақтығыс басталған күннен бастап әлемдік ақпарат құралдары Израиль билігі тәуелсіз журналистерді Газада жұмыс істеуге жібермей отырғанын айтып, наразылық білдіруде.

Израиль тарапы бұл шешімді қауіпсіздік мақсатында қабылдағанын, яғни журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын алға тартады. Бұл жағдайға жауап ретінде көптеген халықаралық БАҚ өз қауіпсіздік хаттамасын дайындап, жағдайды өздері зерттеуге кіріспек болды.

"Шекарасыз тілшілер" секілді түрлі халықаралық ұйымдар Израильді ақпаратты бақылауға алып, тәуелсіз журналистиканың Газада жұмыс істеуіне кедергі жасап отыр деп айыптады.

Қазіргі соғыс 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС содырлары Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасап, шамамен 1200 адамды өлтіріп, 251 адамды тұтқынға алғаннан кейін басталған еді. Бүгінде сол тұтқындардың 56-сы әлі ХАМАС қолында, олардың үштен бірі ғана тірі болуы мүмкін деген болжам бар.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің әскери операциясы кезінде 54 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. Қаза тапқандардың қаншасы бейбіт тұрғын, қаншасы комбатант екені нақты белгісіз. Газа аумағының көп бөлігі қирап, шамамен 2 миллион халықтың 90%-ы баспанасыз қалған.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)