Таиландта суға батып кете жаздаған қазақстандық қайтыс болды
Таиландта теңізге түсем деп зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.
"Артурдан айырылып қалдық", - деп жазды ол Instagram-да.
Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиров ақпаратты растады.
Бұған дейін Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойған еді.
Кейінірек зардап шеккен қазақстандық қалыңдығын құтқарамын деп суға батқаны белгілі болды.