Түркістан облысында ақша ұрлады деп айыпталған бухгалтер тексеру кезінде суицид жасады

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2024, 13:49
3395
Түркістан облысында ақша ұрлады деп айыпталған бухгалтер тексеру кезінде суицид жасады ашық дереккөзден

Оқиға 25 қаңтарда болғанына қарамастан полиция енді ғана ақпарат таратты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Оқиға 25 қаңтарда болғанына қарамастан полиция енді ғана ақпарат таратты.

Otyrar басылымының дерегінше, Мақтаарал аудандық полициясы қылмыстық кодекстің 105-бабының бірінші бөлігі "Өзін өлтіруге итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарланған.

Сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасы тексеру жүргізіп, экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданына қарасты аудандық білім бөлімінің есепшілеріне қарсы бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп жауап берді. Әзірше қандай сома туралы айтып отырғаны белгісіз.

"Қазір экономикалық тергеу бөлiмi Мақтаарал аудандық бiлiм бiлiмiнiң есепшiлiктерiне қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 189-бабы 4-бөлiгi 2 ​​-тармағындағы "Мемлекеттiк бюджеттен қаражат жымқыру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 201-бабының 1-бөлігіне сай сотқа дейіңгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды", - делінген Түркістан облысы Экономикалық тергеу департаменті хабарламасында.

Білім басқармасы қызметкерінің жағдайы туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ, бүгін, 17 ақпанда әлеуметтік желілерде ведомствоны небәрі 4 ай бұрын басқарған білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтің ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Әзірге ақпарат ресми расталмады.

Сонымен қатар Түркістан облысы Жетісай ауданындағы білім саласының есепшілері 530 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)