Түркістан облысында жемқорлықпен айыпталған бухгалтер өзіне қол жұмсады

19.02.2024, 14:36
1046
Түркістан облысында жемқорлықпен айыпталған бухгалтер өзіне қол жұмсады canva.com

Түркістан облысында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтері өзіне қол жұмсады. Деректерге сай, маманға жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылған. Бұл туралы “Оtyrar” порталы хабарлап отыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қаңтарда болған.

“Мақтаарал ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицид жасау) фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазір өзін суицидке дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді полиция департаменті.

Өткен жылдың соңынан бастап Түркістан облысының білім басқармасында жемқорлыққа байланысты тексеріс жүргізілген. Экономикалық тергеу департаменті өзіне қол жұмсаған бухгалтерге қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын да жасырмады.

"Қазір Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатын ұрлау) бойынша іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген тергеу департаментінің хабарламасында.

Ал білім басқармасы марқұм қызметкер туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ 17 ақпанда әлеуметтік желілерде небәрі 4 ай бұрын басқарған білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Алайда бұл дерек әзірге ресми расталмады. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)