1063

«Туыстарына айтып, өзі өткізіп жібереді»: Нұрлан имам орамалдағы қыздарға жігіттермен танысудың жолын үйретті

Құдайдан сұрауды ұмытпа дейді имам.

«Туыстарына айтып, өзі өткізіп жібереді»: Нұрлан имам орамалдағы қыздарға жігіттермен танысудың жолын үйретті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұрлан имам орамалдағы қыздарға жігіттермен танысудың жолын айтты.

Ол оқырманының жігітпен танысуға қатысты қойған сұрағына жауап берді.

«Тұрған тастың астына су кірмейді» деген сөз бар. TikTok, Instagram секілді әлеуметтік желіге бір-екі рет билеп видео жүктесең, бағың ашылады. Бірақ, орнымен билеу керек.

Немесе жеңгелеріңе айт. Сенен құтыла алмай жүрген жеңгелер туған-туысына айтып, «өткізіп» жібереді. Бастысы, құдайдан сұрауды ұмытпа, - деп жауап берді имам.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор