«Тырысып қалған, арық, байғұс»: әнші өзіне осылай сәлем жолдаған әжеге барды

Аиса Махамбет Редактор
26.01.2024, 16:53
6175
«Тырысып қалған, арық, байғұс»: әнші өзіне осылай сәлем жолдаған әжеге барды видеодан алынған кадр

«Сәкен Майғазиевті көруді армандаймын».

Smart News басылымының хабарлауынша, осыдан біраз уақыт бұрын Түркістан облысы, Төлеби ауданынан Зылиха апа деген блогер шыққан. Ол кісіні Қазақстандағы ең қарт блогер десе де болады, Зылиха апа 91 жасқа келген. Парақшасын немересі Ботагөз жүргізеді. 

Зылиха апамыз «Сәкен Майғазиевті көруді армандаймын. Тырысып қалған, арық, байғұс қой. Шынашақтай бала ғой, даусы зәрдей, әдемі әнші. Оны телевизордан көрмесем, тірідей кім көріпті дейсің» деп видео түсіріп салған болатын.

Оны әншінің өзі көріп, бүгін Төлеби ауданындағы Зылиха апаға арнайы сәлем беру үшін барып қайтты. Сәкен Майғазиевті Зылиха апаның ұл-қыздары сән-салтанатпен қарсы алды. 

«Сол өзіңіз білетін шынашақтай бала алдыңызға келді» деп қарияның бетінен сүйіп, анасы беріп жіберген оюлы қамзол, аппақ орамалын жапты. Артынан брендтік шапанды кигізіп, өзі шығаратын Сафи шайдан тарту етті. «Мына шапанды анамның сәлемі, келініңіздің жапқаны» деп қабыл алыңыз» деді Сәкен.

Әнші келесі жолы келіп, қонып кететін айтты.

«Алдағы уақытта асықпай келіп, қона жатып кетем. Кім біледі, көпшілік «құда болайық» деп айтып жатыр, қабыл боп кетсе бәрі мүмкін. Сізді «Инстаграмнан» көрген Алматыдағы біраз әртіс «бара қалсаң біз үшін де апаның маңдайынан сүйіп қой» деп сәлем айтып еді, солардың аманатын орындайын. Сіз бет біткеннің сұлуысыз» деп Сәкен Майғазиев Зылиха апаның маңдайынан сүйді. 

Қарияның немересі әншінің келетініне әжесі сенбегенін айтты.

«Апа, ертең үйге Сәкен Майғазиев келетін болды» деп едім, апам сенбей, «келмейді ол, бізді неғылсын?! Концерттен концертке шапқылап, қолы тимей жүреді» деп ұрысып еді. Енді қуанып, жылап қалды» деді немересі Ботагөз.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды