1 күнде қатарынан 3 алтын: Қаратау еліндегі жарыста 3 қазақ боксшысы әлем чемпионы атанды

03.11.2024, 10:52
2010
1 күнде қатарынан 3 алтын: Қаратау еліндегі жарыста 3 қазақ боксшысы әлем чемпионы атанды коллаж smartnews.kz

Төрехан Сабырхан, Аружан Зейноллаева және Санжарәлі Бегалиев – қатарынан бір күнде әлем чемпионы атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаратау (Черногория) еліндегі әлемдік чемпионатта боксшыларымыз елімізді жерге қаратпады.

Қаратаудың Будва қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан IBA Youth World Boxing Championships 2024 әлем чемпионатында үш қазақ бірдей алтын медаль алды.

Алдымен Төрехан Сабырхан (67 келі) бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатының финалында кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантоямен жұдырықтасты. Жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, алғашқы алтынды қағып түсіріп, чемпион атанды. 

Одан соң ел құрамасынан Санжарәлі Бегалиев (75 келі) өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында 5:0 ұпай жинап, қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді.

Одан соң Аружан Зейноллаева (81 келі) тағы бір өзбекстандық Рухшона Парпиевамен шаршы алаңға шығып, төрешілердің бірауыздан берген 5:0 есебі арқылы жеңіске жетті.

Боксшыларымыз алтын жүлдесі үшін ұйымдастырушылар тарапынан 8000 доллар (3,9 млн теңге) сыйақы алады. 

Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында 10 қола, 3 алтын жүлде бар. Ендігі үміт финалда өнер көрсететін боксшыларда. Олар: 

50 келі салмақта әйелдер арасында:
Елянур Тұрғанова (Қазақстан) – Карлаг Пике (Ирландия)
66 келі салмақта әйелдер арасында:
Ұлдана Таубай (Қазақстан) – Кила Дойле (Ирландия) 

51 келі салмақта ерлер арасында:
Бексұлтан Боранбек (Қазақстан) – Муневар Морено Джастин (Колумбия) 
71 келі салмақта ерлер арасында: 
Өнер Сейілхан (Қазақстан) – Алексей Гуков (Ресей).

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді