38

Көктайғақ, қар және қатты жел: 20 қарашада Қазақстанда ауа райы бұзылады

20 қарашада Қазақстанның бірнеше облысында тұман түсіп, жел күшейеді.

Көктайғақ, қар және қатты жел: 20 қарашада Қазақстанда ауа райы бұзылады
Photo by Tuğba / pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды. Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. 

Синоптиктердің болжамынша, негізінен елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде жауын-шашын болмайды. Бұл аймақтарға антициклон жотасы ықпал етеді.

Ал басқа өңірлерде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болады. Батыс, оңтүстік және орталық аймақтарда жел күшейеді.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және Жетісу облысының оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары екені ескертілді.

Материал авторы