728

Атырауда оқушылар көшеден 300 мың теңгеге жуық ақша тауып алды

Полицейлер әмиян иесін жедел анықтап, жоғалған ақшаны түгелдей қайтарған.

Атырауда оқушылар көшеден 300 мың теңгеге жуық ақша тауып алды
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда бір топ оқушы көшеден ішінде 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алып, оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Оқиға Нұрсая шағынауданында болған. Балалар сол аумақта кезекшілік атқарып жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне жолығып, табылған зат туралы хабарлаған. Сондай-ақ олар әмиянның иесін тауып беруді сұраған.

Патрульдік полиция қызметкерлері көп уақыт жоғалтпай, әмиян иесінің кім екенін анықтады. Нәтижесінде жоғалған әмиян ішіндегі ақшасымен бірге заңды иесіне қайтарылды. 

Материал авторы