836

«Соңғы рет такси тұрағында көрген»: Жаңаөзенде 35 жастағы әйел жоғалып кетті

Әйел кешкі уақытта сауда орталығы маңында болғаннан кейін жақындарымен байланысқа шықпаған.

«Соңғы рет такси тұрағында көрген»: Жаңаөзенде 35 жастағы әйел жоғалып кетті
instagram.com/zhanaozen_online

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 35 жастағы Айгерім Есқуатованың қайда екені белгісіз. Әйелді соңғы рет «Сауда» сауда орталығының жанындағы такси тұрағынан көрген.

Белгілі болғандай, әйел кешкі уақытта сауда орталығы алдындағы такси тұрағында болған. Содан бері жақындарымен байланысқа шықпаған. Алайда оның нақты қай күні жоғалғаны іздеу парақшасында көрсетілмеген.

Жарияланған бағдарламаға сәйкес, жоғалған күні Айгерім қара күртеше, ақ бас киім киген. Қасында сөмкесі болған. Сондай-ақ ол үлкен күннен қорғайтын көзілдірік таққан.

Әйелдің туыстары оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан іздеу парақшасында көрсетілген телефон нөмірлері арқылы дереу хабарласуды сұрайды.

Отбасы тұрғындардан іздеу жұмыстарына бейжай қарамай, қолдау көрсетуді өтінді. Олар үшін кез келген ақпарат маңызды.

Материал авторы