886

Си Цзиньпин әлемді ядролық қарудан азат ету қажеттігін мәлімдеді

Қытай төрағасы бұл мәлімдемені Ресей және АҚШ президенттерімен кездесуі кезінде жасады.

Си Цзиньпин әлемді ядролық қарудан азат ету қажеттігін мәлімдеді
China Pool/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытай төрағасы Си Цзиньпин ядролық қаруға толық тыйым салып, оны түпкілікті жою қажеттігін мәлімдеді. Ол жаппай қырып-жою қаруының бұл түрін бүкіл адамзатқа төніп тұрған қауіппен салыстырды.  

Қытай басшысы мұндай мәлімдемені Ресей президенті Владимир Путин және АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі кезінде жасады.

Си Цзиньпиннің айтуынша, ядролық қару адамзаттың үстінде төніп тұрған Дамокл семсері іспетті. Сондықтан әлемді ядролық қарудан азат ету үшін оған толық тыйым салынып, уақыт өте келе түгелдей жойылуы керек.

«Адамзаттың үстінде Дамокл семсеріндей төніп тұрған ядролық қаруға толық тыйым салынып, түптеп келгенде жойылуы тиіс. Сонда ғана әлемді ядролық қарудан азат етуге болады», – деді Қытай төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін 18 қарашада Дональд Трамп, Владимир Путин және Си Цзиньпин алғаш рет бір алаңда кездескені хабарланған еді. Үш елдің басшысы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында бас қосты. 

Материал авторы