337

«Самұрық-Қазына» қорының тағы бір қызметкері ұсталды

Қор қызметкердің ұсталуына оның бұрынғы еңбек қызметіне қатысты мән-жайлар себеп болғанын мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» қорының тағы бір қызметкері ұсталды
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тағы бір қызметкері ұсталды. Қор өкілдері оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады. Алайда оның ұсталуына қазіргі қызметтік міндеттерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

Басылымның тілшісіне қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, қор департаменттерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкер ұсталған.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қор департаменттерінің бірінің қызметкерін ұстау оның бұрынғы еңбек қызметіне қатысты мән-жайлармен байланысты. Бұл жағдай оның қазіргі лауазымдық міндеттерін атқаруына қатысы жоқ. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген қордың хабарламасында.

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары не үшін ұсталды?

Еске салайық, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отынышевтің ұсталғанын хабарлаған еді.

Кейін олардың ұсталу сәтіне қатысты делінген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарады. Осыдан соң қор басшылығы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына байланысты түсініктеме берді. Сондай-ақ қор компанияларының барлығы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

18 қарашада сот Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отынышевті қамауға алуға санкция бергені белгілі болды.

Бұдан бөлек, Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қор басшылығының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.

Материал авторы