38

Доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр? 20 қарашадағы бағам

Айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубльдің сатып алу және сату бағамдары әртүрлі қалыптасты.

Доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр? 20 қарашадағы бағам
Syda Productions / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 қарашадағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамы белгілі болды. 

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада бір долларды орта есеппен 446,95 теңгеден сатуға, ал 453,95 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағамы – 490,99 теңге, сатып алу бағамы – 500,99 теңге. Рубльді 5,25 теңгеден өткізіп, 5,45 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 448,84 теңгеден сатуға, 451,25 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның бағамы тиісінше 492,56 және 497,27 теңге болды. Ал рубльді 5,20 теңгеден өткізіп, 5,31 теңгеден сатып алуға мүмкіндік бар.

Шымкентте долларды 448,64 теңгеден сатуға, 451,61 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағамы – 491,77 теңге, сатып алу бағамы – 496,64 теңге. Ресей рублін 5,22 теңгеден өткізіп, 5,28 теңгеден сатып алуға болады.

Ал бүгінгі ресми бағам бойынша:

  • 1 АҚШ доллары – 448,72 теңге;

  • 1 еуро – 493,86 теңге;

  • 1 Ресей рублі – 5,49 теңге.

Материал авторы