Әнші Ақбота-Нұр көпшілікке сүйіктісін көрсетті
Әнші суреттегі ер адамның жүзін көрсетпей, жазба астына «Махаббат, JM» деген жазу қалдырған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет Instagram парақшасында жүзі анық көрінбейтін ер адаммен түскен суретін жариялап, оқырмандарын қызықтырды. Жазба астындағы қысқа жазба желі қолданушыларының түрлі болжам жасауына себеп болды.
Өнер иесі суреттің астына «Махаббат, JM» деп жазған. Жазылушылары жазбадағы JM әріптеріне назар аударып, суреттегі адам әнші Мирас Жүгінісов болуы мүмкін деген болжам айтты. Кейбірі актрисаға бақыт тіледі.
«Бұл Мирас Жүгінісов па?», «Мүмкін, бұл әнші Мирас шығар?», «Кім екенін тезірек анықтаңыздар», «Кім екенін білемін, бірақ айтпаймын», «Кім болса да, жақсы жігіт болсын», «Бақытты болыңыздар» деп пікір қалдырған желі қолданушылары.
Алайда Ақбота-Нұр әзірге суреттегі ер адамның кім екенін ашып айтқан жоқ.
Материал авторы