1 шілдеден бастап жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

09.03.2023, 17:38
538
1 шілдеден бастап жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне толықтыру әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атап айтсақ, 2023 жылғы 1 шілдеден басьап жедел жәрдем жүргізушілері жұмыстарының кеңейтілген сипаттамасын ескере отырып, оларға ерекше еңбек жағдайлары үшін БЛА-дан 200% (35 394 теңге) мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеу ұсынылып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем жүргізушілерінің арасында жалақының төмендігі бөлігінде резонанс байқалады, бұл ереуілдерге алып келуде (Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында).

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі ерекше еңбек жағдайлары үшін БЛА-дан 200% мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеуді ұсынды.

Міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдардың контингентіне медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері де кіреді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған қаражатқа қосымша қажеттілік 11 096 жүргізушіге 13 369 миллион теңге екенін есептеді:

2023 жыл (1 шілдеден бастап) – барлығы 2 602,6 млн теңге: ДСМ – 2 588,8 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 0,8 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 13,0 млн теңге (165 шт.бірлік);

2024 жыл – барлығы 5 327,7 млн теңге: ДСМ – 5 247,1 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 1,4 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 79,2 млн теңге (165 шт.бірлік);

2025 жыл – барлығы 5 438,7 млн теңге:ДСМ– 5 356,3 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 1,5 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 80,9 млн теңге (165 шт.бірлік).

Денсаулық сақтау министрлігі бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі жедел медициналық көмек жүргізушілерінің жалақысын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Құжат 28 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді