«1000 теңгелік кроссовка»: Қызылордалықтар дүкенде есік сындырып, аяқ киімге таласқан

Аиса Махамбет Редактор
26.01.2024, 11:48
805
«1000 теңгелік кроссовка»: Қызылордалықтар дүкенде есік сындырып, аяқ киімге таласқан collage smartnews.kz

«Қазақ кез келген жерде қазақтығын көрсетеді» дейді желі қолданушылары.

Smart News басылымының хабарлауынша, Қызылордадағы аяқ киімге акция кезінде тәртіпсіздіктер болған. Бұл ақпаратты аяқ киім дүкені желіде таратты.

Қызылордада «Қорқыт» сауда үйіндегі аяқ киім дүкенінің иесі кез келген кроссовканы мың теңгеге сатып алуға болатын жеңілдік жариялаған. Нәтижесінде сауда орнына жиналған халық терезелерді сындырып, аяқ киімге таласып, соңы үлкен мәселеге айналған. 

«Барлықтарыңызға рахмет! Жеңілдік тоқтады. Себебі көптеген адам итеріп кіруінің кесірінен есік сынып, адамдардың жүрегі қысылды. Адамдар саны күрт көбейіп кетті.

Қарғап, жамандағандарды да көрдік. Сонда да рахмет. Біздің мақсат - сіздерге қолжетімді бағада жақсы, сапалы аяқ киімдерді беруге тырыстық» - деп жазды дүкен иелері.

Аталған жағдайдан соң дүкен иесі акцияны жедел тоқтатқан. Сауда орталығындағы халықтың әрекетіне желі қолданушылары түрлі пікірін қалдырды. 

«Адамдар қызық қой. Сонша дым көрмеген, жабайыланып. Сөз жоқ айтатын», «Дүкен иесіне халық енді жақсы қарайды деп ойламаймын», «Қазақ кез келген жерде қазақтығын көрсетеді», - деді олар.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)