Астанада қырғыз киносының күндері басталды

04.04.2024, 10:26
906
Астанада қырғыз киносының күндері басталды Мәдениет және ақпарат министрлігі

3 сәуірде Астанада қырғыз киносы күндері ашылды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Іс-шараға Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Дастан Дюшекеев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, ҚР Сыртқы істер министрлігі, қырғыз диаспорасы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қырғыз киносы күнінің ашылуында қырғыз режиссері Руслан Акунның «Бейиш эненин таманында» (Пейіш ананың табанында) фильмі көрсетілді.

Фильм ой-өрісі сегіз жасар баланың деңгейінде қалып қойған жігіттің қиындыққа толы өмірі және ананың балаға деген махаббатыжайында. 

Кинокартинаның көп бөлігі Қазақстан аумағында түсірілген.

Айта кетейік, фильмнің премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңында Қырғызстан мен Қазақстан кинотеатрларында бірдей өтті.

Басты мақсат — екі елдің мәдени байланысын нығайтып, көрші елдің кино өндіру саласына қолдау көрсету. 

Аталмыш фильм — қырғыз киносы күндері аясында қазақстандық көрермен көретін жалғыз картина емес. 

4 сәуірде «Тенирберди» (Тәңірберді) фильмі көрсетіледі. Туынды жеңіл, комедиялық жанрдағы этикалық құндылықтар тақырыбын қозғайды.

Айта кетейік, екі ел киноөндірушілері бірлесіп, бірнеше сәтті жобалар жасады.

Атап айтсақ, қазақстандық және қырғызстандық кинематографистердің бірлескен жұмысы нәтижесінде «Үкім» фильмі түсірілді. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды