1202

«Бұл сұмдықты бастан өткердім»: Баян Алагөзова Бишімбаевтың ісі туралы айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзова Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

«Бұл сұмдықты бастан өткердім»: Баян Алагөзова Бишімбаевтың ісі туралы айтты
Бейнежазбадан

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Бұл сұмдықты бастан өткердім, мұндай күйде адам ешқандай жанашырлық танытпайтынын анық білемін. Олар міндетті түрде ұрып-соғады, - деп жазды продюсер. 

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған оңалту орталығын ашқан болатын.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);

110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).