«Қуандық, сен көзіме шөп салдың»: Сотта Бишімбаев пен марқұм Нүкенова арасындағы хабарламалар оқылды

04.04.2024, 15:48
1628
«Қуандық, сен көзіме шөп салдың»: Сотта Бишімбаев пен марқұм Нүкенова арасындағы хабарламалар оқылды бейнежазбадан алынған кадр

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенова екеуінің жеке хаттары оқылып жатыр. Екеуінің арасындағы хат-хабардан Бишімбаев әйеліне түннің уақытында қайта-қайта хабарласып, тыныштық бермейтіні байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушы марқұм Салтанат Нүкенованың телефонынан Бишімбаев екеуінің Whatsapp желісіндегі хаттарын оқыды. Салтанаттың телефонының паролін айыпталушы Бишімбаев ұсыныпты. Марқұм Бишімбаевты “My love” (Менің махаббатым) деп сақтаған екен. Бишімбаев бұл өз нөмірі екенін растады.  

Екеуінің арасындағы хат-хабар ішінде Бишімбаев Салтанаттың геолокациясы үшін ашуланғанын байқауға болады: 

Бишімбаев: “Мен сені көрмейтін болсам, несіне геолокацияңды қосасың? Мен сені көрмей тұрмын”

Нүкенова: “Менде 1000 жылдан бері солай тұр, үйдің бұл жағында Wi-Fi ұстамайды екен”

Бишімбаев: “Алматыдамын деп салудың не қажеті бар? Осындай көзбояушылық не керек? Қазір “ұмытып кеттім, байқамай қалдым” деген сылтауларыңды айтамысың?.

Сондай-ақ айыптаушы оқыған хаттардан Бишімбаевтың Салтанатқа түн ішінде бірнеше мәрте хабарласуды әдетке айналдырғанын көруге болады. 

“2:32, 2:38, 3:14, 3:19, 3:20, 3:32, 3:37, 3:39-да Бишімбаевтың қабылданбаған қоңыраулары тұр. Жауап бермеген сәтте “Салта, тұтқаны көтер” деп жазған, бірнеше аудиохабарлама жіберген”, – деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы Салтанаттың телефонындағы жеке жазбаларын (заметки) да оқыды.

"Қуандық, мен Павлодарға кетіп барам. Енді келмеймін. Бұл күндері мен арамызда еш сезім жоқтығына көзім жетті. Ештеңені сақтап қалғым келмейді. Сен тіпті көзіме шөп салғаның үшін тіпті кешірім сұраған да жоқсың. Оның үшін ештеңе істегің де келмеді. Бәріне мені кінәлап, “психотерапевтке бар” деп қоймадың. Соқырлығың сонша, оныңды көтере алар емеспін. Кешір мені, ұмыт, босат. Бәрін шештім. Ата-анаммен болам, олар маған қарайды", – деп жазған Салтанат.

Сондай-ақ мұндай қарым-қатынастан шаршағанын ақтарыла жазған.

“Сәлем, жаным, осының бәріне жүрегім ауырады. Мен сенің осыған дейін істеген әрекеттеріңді бағалаймын, бірақ мен мұндай қарым-қатынастан шаршадым. Бұл өмір емес. Менің сенің ойыншығың да, балаң да емеспін. Мен ауру емеспін. Сондықтан маған 24/7 маған не істеу керегін үйретудің қажеті жоқ. Менің өз ісім бар. Махаббат пен некені сақтау үшін өзара сыйластық керек. Біз бір-бірімізге тірек болуымыз қажет, жау емеспіз, жарыместер сынды жауласпағанымыз жөн. Екеуміз арақатынасымызды көп талқылағанымызбен, мен бұдан шаршадым. Саған ұрыс-керісті ауыр қабылдаймын деп айтқан едім. Соның кесірінінен жүйкем сыр берді. Енді өз-өзіммен жұмыс істеп, сен үшін өзгеруге тырысамын, саған ұнау үшін бәрін істеймін”, – деген Салтанат.

Прокурор Айжан Аймағанова 2023 жылғы 11 қазандағы жазбасын оқыды.

"Мен бәрі жақсы болады деп сенген кезде, біз өз жағдайымызды барлығына айтып шықтық. Жағдай шынымен жақсаруы мүмкін еді, шілдеде сен сабыр сақтап, маған мейірімді бола бастадың Бірақ қайтып келуімді сұрағанда сенбедің. Сен анаңды тыңдадың, өйткені анаң бізді уайымдады. Пікірін ауыстыра беретін жалмауыз Гүлнәрға да. Мен анама сені сүймейтінімді айтқан жоқпын. Саған жаным ашиды. Ол біздің ажырасуымызды қалады, өйткені сен оларды қорқытып тастадың. Балалардың өзі бәрін көріп үлгерді. Сен маған емес, бәріне сендің. Мен Алматыда күйзелісте болдым. Сенің бопсаң үшін және тұрмыс құрмағаным, қорғанбағаным үшін, сондай-ақ жұрттың алдында жаман көрініп, қызғанғаным үшін және осы балағат сөздерім үшін өзіңнен кешірім сұрадым. Енді мен сенен құтыламын. Мен демалып, қыдырамын, мүмкін басқа адамымды табамын, таппасам, қайтамын. Жақсы ма?" – деп жалғастырды прокурор.

Қуандық Бишімбаев жазбаларға қатысты пікір білдірді.

"Мен психотерапевт туралы оның консультациядан өтуі керек екенін, оның жағдайы тұрақсыз екенін айта бердім. Көзіне шөп салуға қатысты айтарым,Мен жай ғана кешігіп, сағат 21:30-да келгеніме және оның бейнеқоңырауларына жауап бермеген едім.  "Салтанат, мен шаршадым, басқа нәрсе ойлап таба аласың ба?" дедім. Ол қонақүйге кетті. Мен оны күткен жоқпын. Егер адам үнемі кете берсе, ол оған мән бермейтін шығар. Мен де "Мен үйде отырмаймын, күтпеймін" дедім. Сосын “әйелдерді үйге неге әкелесің” деп жауаптың астына алды", – деді Бишімбаев.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады