Бишімбаев изоляторда суицид жасамақ болғанын айтты. Прокурор мәлімдемені жоққа шығарды
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотта айыпталушы Қуандық Бишімбаев өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, прокурор айыпталушы Қуандық Бишімбаевтан уақытша ұстау изоляторында суицид жасағысы келді ме, жоқ па, сол туралы тікелей сауал қойды.
«Кінәмді мойындағанымды қалайсыз ба? Уақытша ұстау изоляторында суицид жасағым келген кездер болды», - деп жауап берді айыпталушы.
Дегенмен прокурор бұны жоққа шығарды.
«Бишімбаев ұсталған күннен бес ай бойы процесстік прокурор ретінде изолятор камерасындағы бейнебақылаудан оны өзім бақылап жүрдім. Сенесіз бе, бес ай ішінде сіз бір рет те болсын, өзіңізге дене жарақатын салуға ұмтылған да жоқсыз. Онда неге сол күні куәгердің алдында жалған имитациялық суицид не үшін жасалды?», - деді прокурор.
Материал авторы