«Мені кім алады деп уайымдадым»: Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева артық салмақтан қалай арылғанын айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
04.04.2024, 18:09
1906
«Мені кім алады деп уайымдадым»: Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева артық салмақтан қалай арылғанын айтып берді Жеке парақшасынан

Елімізге белгілі жайдарманшы, әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева артық салмақ туралы сөз қозғап, қыз-келіншектерге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әзілкеш осыдан 9 жыл бұрын салмағы 90 келіге жеткенін айтты. 

“Салмағым – 90 келі. Бетім толған – безеу. Мамамның ең үлкен уайымы – менің тұрмысқа шығуым еді. Шынымды айтсам, өзім де күйеуге тиіп, бақытты әйел болып жүргенімді елестете алмадым. Ол кезде маған жетпегені – қолдау еді. Ешқашан жақсы пікір естімейтін шығармын деп ойладым. Арықтауым – анамның өтініші. Өйткені ол кісі айтып қоймады. Содан артық салмақтан арыламын деп шештім. Дәрілерден бастап, неше түрлісін іштім. Бірақ семіздікпен 8 жыл алыссам да, 4 келі ғана тастадым. Бастаған ісімді жарты жолдан тастап кеттім”, – деп бастады әңгімесін әзілкеш. 

Сондай-ақ, жайдарманшы ару ешқандай дәрі көмектеспегесін, өзбетінше арықтаймын деп шешім қабылдаған. 

“2015 жылы нақты салмақ тастауға ниет еттім. 90 келімен жүру мүмкін болмай кетті. Өзім ойлап тапқан әдіс-тәсілге көштім. Өзіме деген бағам өсіп, салмақ тастай бастадым. Сол жылы жігітіммен таныстым. Бірақ жігіт таптым, күйеуге шығамын демей, арықтауды жалғастыра бердім. Нәтижесінде, 15 келі тастадым. Бұрындары дәрі ішіп, спорт пен диета деп жүрсем де, 1-2 аптадан кейін салмақ қосып алатынмын. Өзім ойлап тапқан әдістен кейін салмақ қоспадым. Жүкті кезде де, қатты толық болмадым. Ең бастысы дұрыс тамақтану мен жігер керек”, – деп жазды жайдарманшы. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)