«Кездейсоқ орындаған жоқпын»: Виолончелист Бағжан Октябрьдің марқұм Салтанат Нүкеноваға арнаған композициясы желіге тарады

04.04.2024, 20:14
15694
«Кездейсоқ орындаған жоқпын»:  Виолончелист Бағжан Октябрьдің марқұм Салтанат Нүкеноваға арнаған композициясы желіге тарады Жеке парақшасынан

Танымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы, виолончелист Бағжан Октябрь марқұм Салтанат Нүкенова арнап, композиция орындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі қолданушылары мен танымал блогерлер, шоу-бизнес өкілдері жаппай парақшаларында бөлісіп жатыр. 

“Бишімбаевтың сотын көріп жатырсыздар ма?! Марқұмды қаралап, түрлі нәрсе айтып жатыр. Оның ойы, “Салтанатты періште көрмей-ақ қойыңдар” дегенге келіп тұр. Өзі сүттен ақ, судан таза сияқты”, – деген пікір білдірді жеке парақшасында. 

Сондай-ақ, марқұмға арнап, “Гауһартас” фильмінің саундтрегін орындады. Алайда бұл туындының сюжеті мен тарихын білмейтіндер де бар болып шықты.

“Менің түсінуімше, бұл музыка мен тарихты бәрі бірдей біле бермейді. Мен де кездейсоқ орындаған жоқпын. 1975 жылы түсірілген “Гауһартас” фильмі. Басты рөлдегі қыздың аты – Салтанат. Фильмде оның өмірі қайғылы аяқталады”, – деп жазды музыкант. 

Желі қолданушылары қоғамды дүрліктірген оқиғаға қатысты түрлі пікір жаудырып жатыр. 

“Әр әйелдің ішіндегі мұңды жеткізген”, “Керемет орындау”, “Егер Бишімбаев өмір бойына кетіп, жаза алмайтын болса, қыздар мен әйелдерге Қазақстанда әрі қарай өмір сүру қауіпті деген сөз”, “Салтанат осы өмірдегі миссиясын атқарып кетті деп ойлаймын. Қаншама үйде өліп қалған әйелдердің, соттың әділетсіздігін көрсетіп жатыр”, “Қатты жылап жүрмін. Өмірде танитын құрбым сияқты” деп жазып жатыр тыңдарман қауым.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды