«10 сағатта 20 миллион жиналды»: Фариза Төреәлі күзетші әйелге баспана сыйлады

Аиса Махамбет Редактор
05.04.2024, 12:09
1977
«10 сағатта 20 миллион жиналды»: Фариза Төреәлі күзетші әйелге баспана сыйлады жеке парақшасынан

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі жалғызбасты анаға Астана қаласынан пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

«Алла қалауымен оқырмандармен бірге Назира ханымға үй сыйладық! Ешқашан өзінің баспанасы болмаған екен, 60 жасқа толған шағында Алла бұйыртып тұр.

Барлығы расында аяқ-асты болып кетті. Рамазан айында бір күнімізді сыртқа шығып мұқтаж жандарға көмек берейік деген ой болды. Дархан бірден біздің үйдегі күзет болып жұмыс жасайтын Назира ханымды есіне түсірді. Алла ойына салды ғой. Алдыңғы рилста көргендеріңіздей көмек бердік ақшалай. Содан кейін оқырмандарым осы кісіге үй алуға ақша жинайықшы деп ұсыныс білдірді. Міне, 10 сағат ішінде 20 млн жиналып бірден бүгін үй алып табыстадық. Тым болмаса екі күнде он миллион жиналса екен деп ойлап едік, Алланың құдыретін қараңыздаршы. Бұл кісі әлі сене алмай жүр, «өз үйім ешқашан болмаған, бұл түсім бе» деп қояды. Бір отбасыға қандай қуаныш сыйладық, оқырмандар. Алла қабыл етсін! Әлемде жақсы адамдар көп!», – деп жазды блогер. 

Баспана кілтін алып тұрған астаналық тұрғын көз жасына ерік беріп, арманының орындалғанын айтты. 

«Шымкентте тұрғанда үй кезегіне тіркелдім. Одан кейін Астанаға жұмыс іздеп көшкенде, кезектен шығарып тастапты. Қатты ашуыма тиді. 18 жылдан бері күзетші болып істеймін. Айлығы – 150 мың теңге. Пәтерақы – 90 мың теңге. Қыста одан да көп төлеймін. Қазір үйді тарақан басып кетті. Құдайдан жатсам да, тұрсам да баспаналы болуды тілейтін едім», – деп жан сырын ақтарды жалғызбасты ана.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді