1460

Бишімбаевтың анасы адвокаттарын сынаған заңгердің үстінен арыз жазды

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы қорғаушыларын сынаған адвокаттың үстінен арыз жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Бишімбаевтың анасы адвокаттарын сынаған заңгердің үстінен арыз жазды
t.me/Jogargy_sot

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, арыз жазылғаны туралы белгілі адвокат Джохар Утебеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Утебеков өзінің үстінен жазылған арыздың мәтінін де жариялаған.

«Бишімбаевтың анасы менің үстімнен арыз жазды! Адвокаттарының сұрақтарына сын айтқаным үшін. Ол сұрақтарды бүкіл ел сынап жатыр! Ол сұрақтар заң мен моральдан тыс», – делінген жазбада. 

Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова Утебековтің үстінен өзінің адвокаттарын сынаған жазбалар жарияланғаны және жазбалардың астында жазылған пікірлерді қадағаламағаны үшін шағымданған. Сонымен қатар Утебековты «соттың әрекетін сынады» деп айыптайды.

«Шын мәнінде, «адвокаттарға кедергі келтірді" деген шағым көзбояушылық. Содан кейін Бишімбаевтар менің үстімнен арыздануының негізгі себебі – «судьяның әрекетін сынады» деген шағымға көшеді.

Бишімбаевтар судья Құлбаеваны неге қорғап отыр? Неліктен бұл оларды сонша қызықтырады?», – дейді адвокат.

Материал авторы