26869

"Төрт әйелдің анализінің қорытындысы шықты": Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректі жария етті

Айтуынша, қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққан.

"Төрт әйелдің анализінің қорытындысы шықты": Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректі жария етті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа деректі жариялады. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Айтуынша, қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққан.

"Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды", – деді ол.

Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.

"Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс!" – деді ол.

Материал авторы