"Аш қалған балаларыма нан алуға шыққаным үшін тепкінің астына алды": Радикалдың әйелі басынан өткен қиындықтарын айтып берді (видео)

06.04.2024, 11:31
890
"Аш қалған балаларыма нан алуға шыққаным үшін тепкінің астына алды": Радикалдың әйелі басынан өткен қиындықтарын айтып берді (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Тамұқ" деректі фильмін таспалады. Фильмде сотталған радикалдың әйелі жан сырын ақтарып, күйеуінен қалай қорлық пен теперіш көргенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, фильмде беті бүркеленген әйел, әуел баста, күйеуінің хиджап кигізгенін, одан кейін намазға жығыл деп бұйырғанын айтады. 

 Жәбірленуші радикалдардың әйелдері әр жексенбіде жиналатынын және дөңгеленіп алып, діни кітаптар мен Пайғамбар туралы оқитынын есіне алды.

"Ол жер сұмдық суық болды. Суық еденде жаттық. Менің ауырып тұрғаныма қарамастан, сол жерге сүйрелеп алып барды. Паспортымды дайындап берді. "Балаларымды сағындым, елге қайтайықшы, егер өліп қалсам, осы жақта қаламын ғой" деп жалынғанымды да елеген жоқ. Ол сол сәтте "егер өлсең, шаһид боласың"деп тоқетерін айтты. Миымызға күйеуің не айтса да, тыңдау керек, айтқанынан шықпау керек деп сіңіріп жіберген. Тіпті оның көзіне тура қарай да алмаймыз. Жұмыстан келгенде аяқкиімінде өзі біліп шешпейді. Оны біз шешіп беруіміз керек. Олар тек жатады, қол-аяғына дейін жуып береміз. Қол-аяғын сүртіп болғаннан кейін "итаат" деп айтып, жәннатқа сол кезде кіресің дейді. "Егер жәннатқа кіргің келсе, мұндай қиындықтарға төзуің керек" деп айтатын", – деп әйел ағынан жарылды.

Әйелдің айтуынша, радикал күйеуі оны балконға да шығармай, қамап ұстаған. 

"Бір жыл осылай өмір сүрдім. Тіпті балконға да шығарған жоқ. Қайта атам мен енем араласып, сыртқа шығарды. Өзімді түрмеден шыққандай сезіндім. Жабайы болып кете жаздадым. Бір кездері үйде нан бітіп қалған еді. Ол уақытта балаларым әлі кішкентай. Сөйтіп дүкеннен нан алып келгенім үшін "неге менің рұқсатымсыз далаға шықтың?!"деп тепкінің астына алды. Балаларым аш отырғандықтан, айналама қарамай тез барып келгенімді айтсам да құлақ аспады. Жалбарынып, кешірім сұрасам да ұруын тоқтатпады", – деді әйел. 

Әйел күйеуінің үнемі көрсететін қорлығына шыдай алмай, өз-өзіне қол жұмсауға бел буады. 

"Бұл күндері басым қатты ауырады. Өйткені ол "сені жынды қыламын"деп басымнан көп ұратын. Балаларым өскенше, тірі жүрем бе екенмін деп қорқамын. Өжет қыз едім, қазір жасық етіп тастады. Тіпті сөйлеуге де қорқатын болдым. Біреу бірдеңе деп сөйлесе, селк ете қаламын. Шындығын айтқанда, өзімді адам құрлы сезінуден қалдым. Өмірге мақсаты жоқ, керексіз сезінемін", – деп түйіндеді әйел.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды